Инъекциядан кейін кодтаудың әсерін жою
«Инъекциядан кейін кодтаудың әсерін жою» дегеніміз – дезинтоксикациялық препараттарды енгізу арқылы алкоголизмді емдеудің тыйым салушы емшараларын (кодтауды) белсенділігінен айыру.
Алкоголизмнен кодтау емшарасынан өткен адамның жақын болашақта ішімдік ішуіне тура келетін жағдайлар болады. Алайда кодтау мерзімі әлі аяқталмаған және пациент алкогольге ауыр реакция болуы мүмкін екенін түсінеді.
Шешім қабылдамас бұрын бұрын «кодтау» емшарасын жүргізуге тікелей қатысқан психиатр-нарколог дәрігермен кешенді кеңес өткізу қажет. Емшараны жүргізудің өзектілігін және кейін ішімдікті шамадан тыс қолдану ықтималдығына байланысты қауіптерді тек маман ғана объективті бағалай алады.
Кодтау тәсілі мен мерзімі туралы толық ақпаратты білмеуі мүмкін басқа маманда кодтаудың әсерін жою аса қалаусыз.

Инъекциядан кейін кодтаудың әсерін қалай жоюға болады
Кодтаудың әсерін жою, әдетте, мына тәсілдермен жүргізілуі мүмкін:
– Тетлонг-250, Эспераль препараттары тері астына тігілгеннен кейін кодтаудың әсерін жою тігілген дәріні хирургиялық алып тастау арқылы жүргізіледі. Кодтаудан бері бір айдан астам уақыт өтсе, имплант табылмау қаупі бар. Емшараны тиісті тексеруден кейін психиатр-нарколог дәрігер жүргізеді;
– Гипноздық және психотерапиялық кодтаудың әсерін жою – құрамында спирт бар сусындарды ішуге тыйым салуды қамтамасыз еткен, бұрын жасалған гипноздық және ақпараттық әсерді жоюға бағытталған әдістер. Емшараны пациентті бұрын кодтаған нарколог жүргізеді;
– Рефлекстік кодтаудың әсерін жою ішімдік ішуге тыйым салатын препараттарды қабылдауды тоқтатуды көздейді.
Сипатталған әдістердің кез келгенінде пациент туыстары тарапынан қауіп бар, сондықтан мамандар, әдетте, кодтаудың әсерін оны бұрын кодтауға алып келген жақындарының қатысуымен ғана жояды және пациенттің өзінен қолхат алады.
Кодтаудың әсерін жойғаннан кейін қашан ішуге болады?
Кодтаудың әсерін жойған күні ешбір жағдайда ішімдік ішуге болмайды! Себебі ағзада алкогольге реакция тудыруы мүмкін препарат сақталуы ықтимал. Әдетте, ауыр зардапсыз алкоголь ішуді қайта бастаудың оңтайлы мерзімі шамамен 1 апта болады.
Астанада кодтаудың әсерін жою қанша тұрады
Астанада Менталдық денсаулық клиникасында кодтаудың әсерін жою құны пациенттің қандай әдіспен кодталғанына және кодтау әсері аяқталғанша қалған мерзімге байланысты. Ең төменгі құны – 10 000 тг. Назар аударыңыз! Алкогольден «кодтаудың әсерін жою» әдісін таңдау жөнінде наркологтың тегін кеңесін мына нөмір бойынша ала аласыз: 8 (708) 425-25-57






