«Кодтау» дегеніміз не?
Алкогольді шамадан тыс қолдану мәселесіне тап болған көптеген адамды: алкоголизмнен кодтауға бола ма және ол қалай жүргізіледі деген сұрақ қызықтырады.
Әдетте, адамдар «алкоголизмнен кодтау» дегенде алкоголизмді иландыру арқылы емдеу тәсілін меңзейді. Пациентке алкоголь ішсе, ауыр зардаптарға ұшырайтыны: «бүйрегің істен шығады», «соқыр боласың» және т.б. сендіріледі. «Емдеудің» бұл нұсқасы посткеңестік кеңістікте кең таралған. Оның «емшілер» мен «алаяқтар» арасында ғана емес, дәрігерлер, соның ішінде наркологтар арасында да кең танымал болғаны өте өкінішті. Олардың бұл сенімінің мәні түсінікті: аз жұмыс үшін оңай ақша табу. Оның үстіне сәтсіз «кодтаудан» кейін пациенттердің өздері ешқайда шағымданбайды.
Әлемде пациент арақ құйылған рюмканы қолына алғанда оның өздігінен түсіп қалуын қамтамасыз ететін әдіс жоқ. Нарколог алкогольге құмарлықты азайта алады.
Негізінен әрбір тәжірибелі маманның «кодтаудан» кейін ішуді тастаған пациенттері бар. Бұл пациенттің ішімдіктен бас тартуға ынталы болғанымен және оған қандай да бір сыртқы фактор қажет болғанымен түсіндіріледі. Мұнда кодтаудың рөлі мардымсыз.
Кодтауды қолданудың ғылыми негіздемесі жоқ. Шын мәнінде, кодтауда «плацебо әсері» қолданылады: адам іс жүзінде жоқ әсердің тиімділігіне сенеді.
«Кодтаудың» сан алуан нұсқасы бар және олардың бәрі бірнеше топқа бөлінеді. Бұл оларды жүргізетін адамға тікелей байланысты. Мысалы, емшілер алкоголь ішкенде жиіркеніш тудыратын әртүрлі шөптерді және т.б. қолданады.
Алаяқтар басқаша әрекет етеді, олар қолда бар аспаптарды да қолдана алады. Әдебиетте бір «маманның» торшер шамын пайдаланып, жарықты ретсіз қосып-өшіру арқылы, өзінің айтуынша, миды «қайта бағдарламалағаны» туралы мысал кездеседі.
Медицинада бұл бизнеспен наркологтармен қатар бұған заңдық та, моральдық та құқығы жоқ көптеген «маман» айналысады. Хирургтер тері астына кетгутты (операцияға арналған тігіс материалын) тігіп, ампула тіккенін айтқанды ұнатады. Басқа дәрігерлер ерекше реакция тудыратын препарат енгізіп, оны алкогольге реакция деп түсіндіреді және т.б.
Астанада алкоголизмнен қалай кодтауға болады?
Алкоголизм тәуелділіктің 2 компонентін қамтиды: физиологиялық және психологиялық. Алкогольге құмарлықтың патогенезін ескере отырып, наркологияда физиологиялық немесе психологиялық компонентке, не екеуіне бірдей әсер ету арқылы алкогольге құмарлықты сенімді түрде төмендететін әдістер жасалған.
Алкоголизмнен кодтауды 3 топқа бөлуге болады:
- Алкоголизмнен дәрі-дәрмекпен кодтау: («торпедо», «эспераль», “бұғаттаушы инъекция» енгізу). Бұл препараттардың құрамында ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің түзілуін тежейтін дисульфирам бар. Бауырда осы ферменттің түзілуін тежеу арқылы ол этил спиртінің көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырауын тіндік у болып табылатын ацетальдегид (сірке альдегиді) сатысында тоқтатады. Адам ағзасында ацетальдегидтің жиналуы жедел интоксикация тудырады. Ол бетке қанның «тебуі», жүрек айнуы, құсу, жалпы жайсыздық, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі сияқты жағымсыз, ауырсындыратын сезімдермен қатар жүреді. Нәтижесінде этанолдың дәмі мен иісіне жиіркеніштің шартты-рефлекстік реакциясы қалыптасады.
- Алкоголизмнен аспаптық кодтау: лазермен кодтау немесе арнайы құралдар көмегімен: магниттік-резонанстық терапия және басқа әдістер.
- Алкоголизмнен психотерапиялық кодтау: бұл әдіске Довженко әдісі бойынша классикалық кодтау немесе гипнозбен кодтау жатады.
Сізге немесе жақындарыңызға алкоголизмді емдеудің осы түрін ұсынғанда дәрігер қолданылатын әдіс туралы, соның ішінде үдеріс барысында болуы мүмкін барлық жанама әсерлер немесе асқынулар туралы толық ақпарат беруге міндетті екенін түсіну маңызды.
Дәрілік препараттар қолданылған жағдайда сізге міндетті түрде нұсқаулық беріп, препараттың өзін көрсетуі тиіс. Тек осы қадам ғана алданудан сақтануға мүмкіндік береді.
Алкоголизмнен кодтаудың алдында не істеу керек?
- Алкогольден бас тартудың оңтайлы кезеңі кемінде 7 күнді құрайды;
- Кейбір жағдайларда бас тарту мерзімін нарколог жеке анықтайды;
- Кодтау кезінде жедел қабыну аурулары болмауы тиіс;
- Емшарадан 2 сағат бұрын және одан кейін темекі шекпеу;
- Емшара күні құрамында спирт бар қырынудан кейінгі лосьондарды және әтірсуды қолданбау.
Астанада алкоголизмнен кодтау қанша тұрады?
Кодтау құны мерзіміне және таңдалған әдіске байланысты. Ең төменгі құны – 95000 тг бастап.
Пациент кемінде 7 күн алкоголь ішпесе, үйде алкоголизмнен кодтау емшарасын жүргізуге болады.

Қабылдауды психиатр-нарколог Кусаинов Алмас Абихасович, медицина ғылымдарының кандидаты, 15 жылдан астам еңбек өтілі бар, «Астана медицина университеті» КеАҚ психиатрия және наркология кафедрасының доценті жүргізеді.
Мамандануы: Психиатрия (эндогендік және экзогендік психикалық бұзылыстарды емдеу), Шекаралық психиатрия (невроздар, депрессиялар, паникалық шабуылдар), тәуелділіктің химиялық түрлері, алкоголизм және нашақорлық.
1 монографияның және ВАК пен ККСОН рецензиялайтын журналдардағы 30-дан астам мақаланың авторы, халықаралық ғылыми-зерттеу журналдарындағы (Q1 және Q2) мақалалардың тең авторы.
Медициналық білім беру және ғылымның инновациялық технологиялары республикалық орталығы бекіткен және баспаға ұсынған, психикалық бұзылыстарды диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелеріне арналған 10-нан астам әдістемелік ұсынымның, сондай-ақ бірқатар клиникалық хаттаманың авторы.
ICAP I ұлттық тренері (тәуелділіктер саласындағы бірінші деңгейдегі халықаралық маман сертификаты).
«The Regional Training of trainers on advanced level Universal treatment Curricula Dubai UEA (23-31 July 2019)» қатысушысы.






